Жарияланды: 27.07.2024

«Мен ауылға барамын» атты концерт өтті

фото Сақ.кз

 

Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы Мәдениет үйіне қарасты Сұлтанбек Қожанов, Ескі Иқан, Қазақстанның ХХХ жылдығы  атындағы ауылдарында ашық аспан астындағы «Мен ауылға барамын» концерті өтті. Аталмыш шараны  Сауран ауданы ауылдық клуб пен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.  

 

Концертте ауыл мәдениетінің өнерпаздары мен облыстың әр өңірінен келген өнерпаздар өнер көрсетті. Концертке келген жұртшылық өнерпаздардың өнерін жылы қабылдап, осындай айтулы шараны өткізген ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ауыл тұрғындары мен шара қонақтары мұндай игі де қуанышты шаралар достық қарым-қатынас пен мәдени алмасуды нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Олар жұртшылықтың ауызбіршілігін арттыратын, салт-дәстүрді сақтайтын мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

 

Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени шара келушілерге романтикалық көңіл күй сыйлады. Қап қара аспан, жамыраған жұлдыз, әуелген әуен… Мұның барлығы да мәдениет қызметкерлерінің күш салуымен жүзеге асты. Баяу ырғақты әуендерге тербеле билеген қатысушылар ырғақты әуенге жаныға биледі. Есті алған ескі әуендер де жаңадан шыққан хит әндер де шырқалды. Ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мәдени кештер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

101 қаралым