Жарияланды: 28.07.2024

Аударыспақтан Әлем чемпионы атанды

фото Сақ.кз

 

 

Бүгінде Түркістан облысында ұлттық ойын түрлері жақсы дамып келеді. Көкпардан түркістандықтардың асығы әрдайым алшы. Жамбы ату, асық ату, аударыспақ сынды ойындардан да мықты чемпиондарымыз бар. Жуырда ғана Татарстанда әлемдік деңгейде өткен ат спорты жарысында Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының төл перзенті Дарын Ақылбайұлы Өткелбай Әлем чемпионы атанды. Ол 80 келі салмақта аударыспақ спортынан топ жарды.

Түркістан облысында ұлттық ойындар мен спорт шынымен де қарқынды дамып келеді. Түркістандықтар көкпар, жамбы ату, акробатикалық ойындар сияқты дәстүрлі ойындардағы жетістіктерін мақтан тұтады. Бұл байқаулар өңірдің мәдениеті мен дәстүрін сақтауға және насихаттауға көмектеседі. Төлеби өңірінің тумасы Дарын Ақылбайұлы Өткелбайды ерекше атап өткен жөн. Оның ат спортынан әлемдік деңгейде жеңіске жетуі облыс, ел үшін елеулі жетістік. Мұндай табыстар қазақстандық спортшылардың дайындығы мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

 

Дарын Ақылбайұлы 2000 жылы Түркістан облысына қарасты тау баурайындағы Төлеби ауданындағы Кеңесарық ауылында дүниеге келген. Б.Биболатұлы атындағы мектепте 2006-2018 жылдар аралығында оқып, оңтүстіктегі білім ордасы М.Әуезов атындағы университетте 2018-2022 жылдары оқыған. Осы жылдар арасында аударыспақ ойынына қатысып, жеңістің шыңдарын бағындыра бастаған. Жетістіктеріне тоқталар болсақ:

— Қазақстан Республикасының чемпионатының жасөспірімдер арасында 2 дүркін чемпион (2017, 2018 ж.), Жастар арасында 5 дүркін

чемпион (2018, 2020, 2021, 2022, 2023 ж), (2019 ж. 2-орын), Ересектер арасында чемпион (2022) — (2019 ж. 2-орын), Азия кубогінің чемпионы (2023 ж),  Әлем чемпионатьның чемпионы (2023ж), “Ақ бидай” республикалық, спорттық ойындарының жүлдегері (2021 ж. 3-орын), Ұлттық спорт түрлерінен өткен фестивальда 2 дүркін чемпион атанған (2019, 2023 ж.). Қарапайым ғана ауылдан шыққан қара баланың әлемдік додаларда жеңіс тұғырынан көрінуі әрине мақтаныш. Негізінде Төлеби ауданында көкпар спорты мықты дамыған. Тау жағалай қоныстанған ауылдардың бәрінде жыл он екі ай көкпар ойынын ұйымдастырып жатады. Бұл ауыл балаларының ат спортына деген қызығушылығына алып келері сөзсіз. Ауылдың әр баласы атқа мығым отырып, серке тарта алады. Аударыспақты да бала жасынан үйренеді. Жылқы мінездес ауыл баласына ат спорты таңсық емес. Сондықтан да жастайынан ұлттық спортты жанына серік еткен ауыл баласының биіктен көрінуі заңдылық та сияқты. Ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатқан, чемпион ауыл баласын тартысты додадағы жеңісіне жерлестері шексіз қуанулы.

139 қаралым