Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-нің жазғы сауықтыру орталығында «Мырзакент» спорт клубының ұйымдастыруымен өңірімізге танымал жас спортшылармен кездесу өтті. Бұл шара барлық қатысушылар үшін спортты жастар арасында кеңінен насихаттауға және жас таланттарды қолдауға көмектесетін айтулы оқиға болды.
Жиынға облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда өзін жақсы жағынан көрсетіп жүрген көптеген жас спортшылар қатысты. Олар өз тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті, спорттық өмірдің қиындықтары мен қуаныштары туралы әңгімеледі. Мұндай кездесулерді ұйымдастыру – салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарды спортқа ынталандыруға бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі. Іс-шара жас спортшыларға бір-бірімен араласып қана қоймай, сонымен қатар құрдастарын жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандыруға мүмкіндік берді. «Мырзакент» спорт клубы аудандағы спорттық бастамаларды белсенді түрде қолдайды және дамытады, жаттығулар мен жарыстарды өткізуге жағдай жасайды, сонымен қатар жиі спорт жарыстарын ұйымдастырып тұрады. Мұндай кездесулерді ұйымдастыру – салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарды спортқа ынталандыруға бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі. Іс-шара жас спортшыларға бір-бірімен араласып қана қоймай, сонымен қатар құрдастарын жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандыруға мүмкіндік берді.
«Мырзакент» спорт клубы аудандағы спорттық бастамаларды белсенді түрде қолдап, дамытып, оқу-жаттығулар мен жарыстар өткізуге жағдай жасап, түрлі спорттық шаралар мен кездесулер ұйымдастыруда. Бұл спорттық рухты нығайтуға және жастар арасында дене шынықтыруды насихаттауға септігін тигізеді. Кездесудің барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларын іс-шараның сәтті өткенін айтып отыр.
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға «Мырзакент» спорт клубының спортшылары Зулпан Елдос, Қарсыбай Әлижан, Нармұратов Анвар, Сүттібай Бекарыс және Сүттібай Жанарыс қатысты. Олардың барлығы панкратион мен күрестен Қазақстан Республикасының жеңімпаздары. Спортшылар өз жетістіктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулерді ұйымдастыру – салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарды спортқа ынталандыруға бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі. Іс-шара жас спортшыларға бір-бірімен араласып қана қоймай, сонымен қатар құрдастарын жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта оқушыларға щабыт беретін мұндай кездесулер жиі ұйымдастырылатын болады.