Жарияланды: 03.08.2024

Ақбура әулие кесенесінде экоакция ұйымдастырылды

фото ҚАӘБҚ

 

Түркістан облысындағы Киелі Қазығұрт өңірінде тарихи мұра обьектілерінің қатары көп. Көптеген кесенелер, әулиелі жерлер, тарихи кешендер жетерлік. Тарихи және мәдени ескерткіштерімен танымал Әулиелі Қазығұрт аймағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақбура әулие кесенесіне экоакция ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қоршаған ортаны таза сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру іс-шараларының маңызды бөлігі болды. Аталмыш экоакцияға «АМАНАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Үмбеталиев Алтынсары мен Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың қатысты.  

 

Экоакцияға волонтерлар, жергілікті тұрғындар және табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар қажетті тазалау және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Акция барысында кесене аумағын және оның айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Қоқыстарды шығару және тазалықты сақтау тарихи мұраны сақтауға және туристер мен зияратшылардың қызықты сапарларын қамтамасыз етуге көмек болары сөзсіз. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бүгінде басты назарда тұр. Нағыз тазалықпен қатар қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы әңгімелер жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты. Бұл табиғи және мәдени ескерткіштерді құрметтеу қажеттілігі туралы түсінікті арттыруға көмектесті. Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының таза және салауатты қоршаған ортаны құру мақсатын қолдай отырып, қоршаған ортаны қорғауға және мәдени мұраны сақтауға қоғамның қатысуының маңыздылығын көрсетті.

 

Әулие Ақбур кесенесінің тарихи-мәдени маңызы зор. Мұнда ат басын тірейтін туристер де зияратшылар да көп.  Ақбура (Ақберді) әулие кесенесі Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде Қазығұрт тауының баурайында орналасқан. Бұл киелі ескерткіштің атақты емші, рухани тәлімгер болған әулиенің өмірі мен қызметімен байланысты терең тарихи-мәдени тамыры бар. Әулие Ақбура туралы аңыз көп. Аңыз бойынша, Ақбердінің атасы табиғаттан тыс күшке ие болғандықтан, ақ түйемен саяхаттап, бір уақытта екі жерде болуы мүмкін. Таң намазын Қазығұрт тауының басында оқыса, күндіз Түркістанда болған, ал әр жұма сайын Меккеде оқыды. Оның түйесі әулие өлген соң тынымсыз көз жасынан тасқа айналған. Көз жасы төгілген жер шипалы суға айналып, зияратшыларды әлі де қызықтырады. Кесененің бастауында орналасқан бұлақ емдік қасиетімен танымал. Жергілікті тұрғындар оны «Ақбураның» көзі деп атайды. Кесенеге келген зияратшылар киелі кешен ішінде алдымен Құран оқып, емдік қасиеті бар бұлақ суын ішеді. Бұл су сонымен қатар зияратшылар суды құйып алып өздерімен алып кетеді.

 

Тарихи кешен маңында экоакция ұйымдастырудағы  мақсаты – киелі мекеннің тазалығын сақтау және тарихи құндылығын сақтау. Акцияға қатысушылар кесене аумағы мен оның айналасын тазартып, сол арқылы келушілердің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етті. Жергілікті тұрғындар мен зияратшылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жұмыстар да жүргізілді. Бұл әрекеттер қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, сонымен қатар аймақтың мәдени және рухани мұрасына құрметпен қарауға көмектеседі.

 

 

 

113 қаралым