Жарияланды: 04.08.2024

Мәдениет ошақтары мен спорт кешендерінің мәселесі басты назарда тұр

фото ТО ӘБҚ

 

Түркістан облысындағы барлық мәдениет ошақтары мен спорт кешендері әкімдердің бақылауында тұр. Шалғай шетте жатқан аталған нысандардың бүгінгі жәй күйі назардан тыс қалған емес. Күні кеше облыс әкімінің орынбасары Ертай Әлтаев жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, мәдениет және спорт саласындағы өзекті мәселелермен, өңірде жүргізіліп жатқан ішкі саясатпен танысты. Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов және тиісті басқарма мамандары барды.

 

 

Сапардың алғашқы нүктесі Түлкібас ауданындағы Майтөбе ауылындағы кеңейтуді қажет ететін балалар спорт мектебі болды. 1995 жылы салынған спорт кешені бүгінде жергілікті жастардың футбол, баскетбол, волейбол және бокспен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. Бұл үйірмелер ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, олардың дене шынықтыру және спорттық дағдыларын дамытуға ықпал етуде. Сапар барысында спорт мектебін кеңейту және жаңғырту жоспарлары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылданып, белсенді демалуына заманауи жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды. Спорт кешенін кеңейту секциялар санын көбейтіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады. Мәдениет пен спортты дамытудың маңызына тоқталды.

Сапар соңында Ертай Алтаев салауатты және белсенді қоғамды қалыптастыруда мәдениет пен спортты дамыту басты рөл атқаратынын атап өтті. Майтөбедегі балалар спорт мектебі сияқты спорт нысандарын қолдау және дамыту жастардың физикалық дамуына ғана емес, олардың әлеуметтік бейімделуіне, ұжымдық рух пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Әлтаевтың жұмыс сапары Түлкібас ауданында мәдениет пен спортты дамыту үшін инфрақұрылым мен жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын көрсетті. Спорт кешенін аралау барысында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов спорт мектебінің жанынан футбол клубын ашу туралы ұсынысын айтып, сонымен қатар маңайдағы қаңырап бос тұрған ғимараттарды қалпына келтіруге, футбол алаңын жаңғыртуға атсалысуды сұрады. Ертай Алтаев бұл ұсынысты тиісті мамандар назарға алып, мұқият зерттейтінін айтты. Ол сондай-ақ бұл жобалардың демеушілік аспектісін қарастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ертай Алтаев салауатты және белсенді қоғамды қалыптастыруда мәдениет пен спортты дамыту басты рөл атқаратынын атап өтті. Майтөбедегі балалар спорт мектебі сияқты спорт нысандарын қолдау және дамыту жастардың физикалық дамуына ғана емес, олардың әлеуметтік бейімделуіне, ұжымдық рух пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Әлтаевтың жұмыс сапары Түлкібас ауданында мәдениет пен спортты дамыту үшін инфрақұрылым мен жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын көрсетті. Аудан әкімінің ұсыныстарын қарастыру және демеушілер тарапынан ықтимал қолдау ауданның спорттық және мәдени өмірін дамытуға жаңа перспективалар ашады. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Түлкібас ауылына ат басын тіреп, мәдениет ошағының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 1927 жылы салынған ғимарат қазір қалпына келтірілуде. Ғимараттың шатырын жаңартып, жылу жүйесін ретке келтіріп, ішін жаңарту жоспарлануда. Бұл іс-шаралар мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысу, сондай-ақ білім-білік дағдыларын дамыту мақсатындағы ауқымды жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түлкібас ауданындағы жұмыс сапарын жалғастырып, Жәрімбетов ауылындағы балалар спорт мектебінің ғимаратын аралады. 2015 жылы салынған ғимараттың сырты мен шатыры жаңартуды қажет етеді. Биыл қажетті жұмыстарды атқару үшін тиісті қаржы қарастырылып, мердігер тендер арқылы анықталады. Ертай Кенжебекұлы жауапты тұлғалармен бірге ғимараттың ішін аралап, ішіндегі кейбір олқылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл іс-шаралар өңірдегі мәдени және спорт инфрақұрылымын дамытудың жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл жастардың және жалпы қоғамның жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

 

Бұдан кейін Шақпақ баба ауылындағы тозығы жеткен балалар спорт мектебі, Құлан ауылындағы апатты жағдайда тұрған мәдениет үйі, орталық мешіт пен жастар ресурстық орталығында да болды. Ертай Алтаев аталмыш мекемелердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен және жұмысымен танысты. Іс-сапар барысында әкім орынбасары өздері басқаратын салаға жауапты басшыларға бірқатар міндеттер қойып, оларды шешу жөнінде ұсыныстар айтты. Ол аталған нысандардың инфрақұрылымы мен жағдайын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып, жоспарларды жүзеге асыру үшін қаражат пен демеушілер тартудың маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шаралар жастар мен жалпы қоғам үшін жағдайды жақсартуға бағытталған аудандағы мәдени және спорт инфрақұрылымын дамытудың жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Аудандағы мәдени ошақтардың отын жандандырып, спорт саласының отын көсеп, жұмыстарды жандандыру үшін әлі де атқарылар шаруалар жетерлік. Аталған саладағы барлық мәселе алдағы уақытта шешімін табатын болады.

105 қаралым