Жарияланды: 07.08.2024

Жас футболшылар жарады

 

 

фото ТО ӘБҚ

 

Бүгінде елімізде «Спорт күні» мерекесі ерекше тойлануда. Аталмыш шараға орай еліміздің түкпір түкпірінде түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда спорт мерекесі күніне орай Алматы қаласында футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өткен болатын. Аталмыш турнир өте тартысты өтті.

Шарада барлық командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жасөспірімдер өздерінің шеберліктерін айқын дәлелдеді. Бала жасынан ала доппен дос болған өрендер жасыл алаңда нағыз футбол мерекесін көрсетті. Аса тартысты өткен сайыста  түркістандық команда 3-орынға ие болды. 16 команда бақ сынаған жарыста Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының командасы» үздіктер қатарынан көрініп отыр. Жарыс барысында команда мықты футбол командалармен текетіресті. Мұндай турнирлер жасөспірімдер футболын дамытуда көп көмек көрсетері анық. Қорыта айтқанда, «Түркістан жасөспірімдер спорт клубы» командасының футбол додасындағы жетістігі команданың табандылылығы мен тамшылатын төккен терінің арқасында  жеңіске жетеледі. Осындай жетістіктер басқа да жас спортшыларды шабыттандырары, жігерлендірері сөзсіз. Бұл жеңіс әсіресе, жарысқа қатысқан 16 команданың арасында ерекше жетістік болып отыр. Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» командасының жетістігі оның еңбекқорлығы мен талантын көрсетті. Мұндай турнирлер мықты позицияларды дамытуға ықпал етіп қана қоймай, командалар арасындағы байланысты нығайтады. Жасөспірімдерді айтулы турнирге дайындаған жаттықтырушы — Еркебұлан Құнарбаев. Дайындаған командалары ұдайы жарыс жеңімпазы болатын Еркебұлан Құнарбаев — Еуропа футбол қауымдастығы одағының С категориялы жаттықтырушысы. Команданың бағы мен бабының жануы жаттықтырушыға байланысты екені белгілі. Бұл тарапта айтулы маман қамшы салдырмайды. Ол командадағы әр баланың ойын өрнегін жақсы біледі. Балаларды баптауда нағыз сыралғы маман. Спорт клубының өз жұмысын бастағанына 3 жылдан асты. Содан бері облыс орталығындағы түрлі шараларда алдыңғы лекте көрініп, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Клубта шахмат, теннис, стритбол, қазақша күрес, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сынды үйірмелер жұмыс істейді. Онда балалар мен жасөспірімдер спортынан сабақ беретін 24 жаттықтырушы тер төгуде. Әр үйірменің жаттықтырушылары көпжылдық тәжірибесі бар мықты мамандар. Олар баптаған балалар аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Алдағы уақытта халықаралық ареналарда жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенім мол. Қазіргі уақытта 1400-ге жуық оқушының шағын үйірмелермен қамтылуы спортқа деген қызығушылықтың артып, жастардың салауатты өмір салтына белсенді түрде көшуін көрсетеді. Аталмыш клуб облыс бойынша алдыңғы қатарда тұр. Мұнда жаттыққан әрбір шәкірттің жетістігі жоғары. Сондықтан да мақтаулы мектепке балаларын алып келетін ата-аналар көп. Әрі олардың үміттері ақталып та жатыр. Мұндағы балалар спортта да, оқуда да озат. Алдағы додаларда жеңісті қолдан бермей, әрдайым жерлестерін қуанта береді деген сенім мол.

Клуб мектептер мен оқу орындарының өкілдерімен белсенді жұмыс істейді, бірлескен іс-шаралар мен турнирлер ұйымдастырады. Бұл спортты танымал етіп қана қоймайды.

153 қаралым