Жарияланды: 17.08.2024

«Жетісай» «Екібастұзды» жеңіп, жанкүйерлерін қуантты

фото ЖАӘБҚ

Кеше Түркістан облысына қарасты Жетісай стадионының жасыл алаңында нағыз футбол тартысы өрбіді. Жергілікті фавориттер Павлодардан келген қонақтарды — Екібастұз командасын қабылдады. Ал, жанкүйерлерді қуантқан «Жетісай» басымдық танытып, ірі жеңіске жетті.

 

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «Жетісай» қарсылас қақпасына тынымсыз күшпен шабуылдады. Бірінші таймның өзінде-ақ «Жетісай» қарсылас қақпасын сенімді соққан тамаша голмен есеп ашқанда, жанкүйерлер қуаныштан жарылды. «Екібастұз» қарсыласуға тырысқанымен, «Жетісай» қорғанысы мінсіз әрекет етті. Үзілісте бапкер «Жетісай» команданың ойынына қажетті түзетулер енгізіп, екінші таймда «Жетісай» қарсыласына қысым көрсетуін жалғастырды. Нәтижесінде тағы бір гол соғып, өз командасының жеңісіне қол жеткізді. Сүйікті командасының жеңісін қуанышпен тойлаған жанкүйерлердің ду қол шапалақтауымен төрешінің ақтық ысқырығы естілді. «Жетісай» өзінің мықты әрі тәртіпті, әр доп пен әрбір жеңіс үшін күресуге дайын команда екенін дәлелдеді. Бұл жеңіс барша жетісайлық жанкүйерлердің рухын көтерді. Олар сүйікті командасының жеңісті сериясын жалғастырып, жаңа қызықты матчтармен қуантатынына сенімді. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Елдос Ахметов жергілікті командаға жанкүйерлік жасап, жасыл алаңда қолдау көрсетіп ойынды тамашалады.

 

Алғашқы минуттардан-ақ «Жетісайдың» өз күшін көрсетіп, қонақтарға мүмкіндік бермеуді көздегені белгілі болған болатын. Төрешінің ысқырығы ойынды бастап, Жетісай бірден шабуылға шықты. Бапкер Ерлан Шойтымовтың жолбарыстары екібастұздықтардың қақпасына үздіксіз шабуыл жасап, қарсыласының тыныс алуына мүмкіндік бермеді. Жетісайлық жанкүйерлер өз командасының жігері мен агрессиясына риза болды. 16-минутта шиеленіс шарықтау шегіне жетті: 22-ші нөмірлі сұрмерген Ернар Қоспаев екібастұздықтардың қақпасын дәл көздеп, допты қақпаға бағыттап, шеберлігін көрсетті! «Жетісай» көш бастады, бұл жеңістің басы ғана еді. «Екібастұз» қарсылықты тырысқанымен, «Жетісай» алға ұмтылды. Шабуылдар бірінен соң бірі жалғасып, Екібастұз қорғанысы шабуылға төтеп бере алмады. Ернар Қоспаев өз мақсаты туралы айта келе: «Мен қонақжайлылық танытып, шабуылды бәсеңдетуді жөн көрдім, бірақ Екібастұздың қарсыласуға мүмкіндігі болмады», — деп атап өтті. Үзілісте жетісайлық бапкер қажетті түзетулер енгізіп, екінші таймда да жетісайлықтар үстемдігін жалғастырды. Жолбарыстар сағат механизміндей ойнады, ал «Екібастұз» ештеңеге қарсы тұра алмады. Нәтижесінде «Жетісай» мықты да тәртіпті команда екенін баршаға дәлелдеп, ірі жеңіске жетті. Кездесудің 54-ші минутында, яғни, екінші таймның басында 20 нөмірлі бомбардир Рамазан Абылайхан қарсыластарын ширатып алғысы келді ме, есепті еселеп екінші голды соқты. Ширек ғасырға жуық уақыт бұрын негізі қаланған клубтың ойыншысы намысқа тырысып кездесудің 57-ші минутында есепті қысқартқанымен, 4 минуттан соң алаңда атой салған «Жетісай» командасының тағы бір сұрмергені 21 нөмерлі Әділет Омарбектың голы есепті 3:1 жеткізді. Әйтсе де, кездесудің негізгі уақытының 73-ші минутында «Екібастұз» клубының ойыншысы Карам Сұлтанов есепті тағы қысқартты.

Күннің ыстығына қарамай 90 минут бойы жасыл алаңда көрерменге тартысты әрі қызықты ойын сыйлаған қос команда арасындағы кездесудің қорытындысы осыдан кейін өзгермеді. Ойын 3:2 есебімен жетісайлық жігіттердің пайдасына шешілді. Осылайша кезекті 3 ұпайды қанжығасына байлаған жерлестеріміз 1XBET QFL Бірінші лигасының турнир кестесінде ІІІ орынға тұрақтады. Келесі кездесуін сырт алаңда 22-тамыз күні Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы өткізетін болады. Жетісайлық жанкүйерлер сүйікті командасының жеңісті сериясын жалғастыратынына сенімді түрде стадионнан тамаша көңіл-күймен тарқасты!

101 қаралым