Жарияланды: 22.08.2018

Экспортқа жаңа тауар түрлері шығарылуда

Бүгінде Түркістан облысының экспорттық әлеуеті артып келеді. Өнім өндіретін ірі кәсіпорындардың тауарына сұраныс та мол. Өңірімізден шығарылатын цемент, арматура, күнбағыс майы, ұн, мақта, астық өнімдеріне тапсырыс беруші шет мемлекеттер қатары көбейіп келеді. «Экспортқа өнім шығаруды өрістетуде мемлекеттік қолдаудың нақты көмегі тиіп отыр», – дейді мамандар. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге «Экспорт шығарушы-2020» бағдарламасына қатысу ұсынылуда. Бұдан өзге де экспортты қолдау мен өрістетуге бағытталған бағдарламалар жеткілікті. Егер өндіріс орны жаңашылдық тәсілмен өнім өндіріп, ол өнім экспортқа шығатын болса, біз әкімдік тарапынан барлық жағдай жасауға дайынбыз. Сол үшін де бізде арнайы экономикалық аймақ бар.Ол жерде өндірілген өнімдер барлық салық түрінен босатылғандықтан, бастапқы баға төмен болып, экспортқа тиімді бағада саудалауға мүмкіндік туады,- дейді Түркістан облыстық кәсіпкерлік индустриялды-инновациялық даму бөлімінің мамандары. Жыл басынан бері облыс кәсіпорындарының экспортқа шығарған өнімдерінің құны 700 млн АҚШ долларына жеткен. Соңғы кездері экономикалық дамуға  байланысты отандық өнімнің шетелге саудалануы артуы байқалады. Ал енді келер күнге болжам жасасақ, 2020 жылға қарай облыс өңірінен өзге елдерге сатылатын жаңаша әдіс-тәсілдермен өндірілген тауарлардың саны мен түрі әлдеқайда көбейе түспек

1 044 қаралым