Жарияланды: 22.08.2018

Кешенді дамыту жоспары дайындалуда

Қазіргі Мақтаарал ауданы, оның ішінде Мырзакент кенті мен Атакент кенті экономикалық жағынан даму үстінде, деп хабарлайды  «Мақтаарал» газеті. Тұрғындарды негізінен жол салу, газ, электр тарту және әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері мазалайды. Әзірге аудан аумағында ескірген мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарын жаңадан салып, заманауи үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз ету, елдімекендер арасында жол салу, газ, электр тарту жұмыстарын қарқынды жүргізу үшін ұсыныстар енгізіп жатырмыз. Сонымен қатар, мақтааралдықтардың негізгі күн көрісі саналатын ауылшаруашылығы саласын дамытудың кешенді жоспарын дайындалуда.
Қазірдің өзінде аудандағы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты 8 елдімекенде газ тарту құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2 мектеп, 2 емхана бой көтеруде. Жаңадан салынған 5 мектеп алдағы қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады. Негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы болып табылатын ауданда 40 мың гектар жердің құнарлығын арттыру үшін ПУИД-2, ПУИД-3 жобалары арқылы тік дренаждарды ұңғымалардың құрылысы мен коллекторларды тазалау жұмыстары да қарқын алған. Мұның өзі біршама тұрғындарымыздың талап-тілегін қанағаттандырады.
Аудан әкімдігінің және әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшыларын тағайындау жүзеге асырылуда. Тиісті тағайындаулардан кейін кесте бойынша әкімшілік аумақтық бірліктердегі тұрғындармен арнайы кездесіп, өзекті мәселелерді анықтау үстінде.

 

1 237 қаралым