Жарияланды: 23.11.2024

«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

фото МЖАМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды.

 

Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, тарихшылар қатысты.

 

Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды. Оның қатарында студент Жұмабаев Мағжан Бекенұлының 1923-1925 жылдардағы жеке ісі, 1334 жылы сұлтан кезінде Әз Жәнібек ханға арналып жазылған тарихи қолжазба, 918 жылы Темір ханның Сайбек ханға елші жіберіп, Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы деректер, 1784 жылғы қазақ даласындағы көне қалалардың көрінісі, сондай-ақ Орта Азиядан көшкен 3000 қазақ мәселесіне қатысты шешімдер, оларды Кашмирге қабылдау сияқты құнды құжаттардың көшірмесі қойылды.

 

Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

 

30 қаралым