Жарияланды: 06.12.2024

Бизнестің жаңа қырын меңгеру!

Импорттан өндіріске дейінгі жол компания үшін маңызды кезең болып табылады және «NURTAU Distribution Company» ЖШС бейімделу және өсу қабілетін көрсетті.

«NURTAU Distribution Company» ЖШС өз қызметін сонау 2016 жылы бастаған. Қызметінің басында ол импорттық жуғыш және жеке күтім құралдарын сатумен айналысты. 2018 жылы компания тауарды қайта сатуға ғана емес, өз бетінше тауар өндіруге де қабілетті деген қорытындыға келеді. Бір жыл бойы Абай Мырзаев белсенді түрде ақпарат іздеп, жақсы және жаман жақтарын қарастырып, мүмкіндіктерін бағамдады. Ал 2019 жылы Компания «Даму» Қорына сұлы шоколады мен сағыз шығаратын кондитерлік фабрика салу жобасымен жүгінді.

Кондитер фабрикасының өндірістік қуаттылығы таң қалдырады: жылына 120-дан 140 тоннаға дейін тәттілер мен 120 тонна сағыз. Дайын өнім Шымкентке, Түркістан облысына ғана емес, бүкіл республикаға сатылып жатыр, сондай-ақ Ресейге де экспортталады. Кәсіпкердің нарықты зерттеп, импорттық өнімді сату арқылы өткізген күндері бекер емес еді. Қазір бұл тәжірибенің барлығы өз тауарларын сату үшін пайдалануда және кәсіпорынның табысты болуына үлкен өзіндік септігін тигізуде.

Ал 2020 жылы компания нарықты зерттей келе, кәсібін кеңейтіп, тұрмыстық химия өнімдерін, соның ішінде кір жуғыш ұнтақ, сұйық ұнтақ және ыдыс жууға арналған гель өндірісін ашуды ұйғарады. Ол үшін Абай банктен несие алып, Шымкент қаласы, Тассай тұрғын алабында, Тассай өнеркәсіптік аймағы, 117/2 мекенжайында үш қабатты тұрғын емес ғимараттың құрылысын бастады. Құрылыс 2023 жылы аяқталып, ғимараттың жалпы ауданы 16 000 ш.м. құрайды.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Forte Bank» АҚ-тан тұрмыстық химия өнімдерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және айналым қаражатын толтыру мақсатында 20,50%-бен несие алды, оның 12,25%-ын «Даму» қоры тарапынан субсидиялауда.

Бүгінгі таңда кәсіпорын жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ашып қана қоймай, оларды оқыту мен дамытуға белсенді атсалысуда. Бұл тәсіл жергілікті экономиканы нығайтуға және жұмысшылардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.

Ақпарат: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ақпараты бойынша

 

160 қаралым