Жарияланды: 23.12.2024

Көршісінің тоңазытқышын көтеріп кетті

фото ТО ПД

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясы көршісінің үйіне ұрлыққа түскен жас жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, күдікті жігіт көршісінің үйінде жоқ екенін алдын ала біліп, күндізгі уақытта терезе арқылы ішке кіріп, құны 150 мың теңге тұратын тоңазытқышын жасырын жымқырып кеткен. Ал ұрланған затты 8 мың теңгеге сатып жіберген.
 
Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп иесіне қайтарды. Сондай-ақ полицейлер күдікке ілінген жігіттің бұдан бөлек дәл осындай пәтер ұрлығына қатысты 1 жайтын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
252 қаралым