Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы болып ҰҚК генерал-майоры Руслан Сейсембаев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Руслан Сейсембаевтың тағайындалуы туралы ақпаратты агенттікке департамент өкілдері растаған. Руслан Сейсембаев 1997-2008 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2023 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
2023 жылғы сәуірден бастап ҰҚК төрағасының орынбасары болған. 2024 жылғы қыркүйек айында Руслан Сейсембаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.