Жарияланды: 27.08.2018

Бау – бақшаның отаны

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Елбасы тапсырмасына орай бұл ауданда да көптеген шаралар жүзеге асуда. Халық қалаулысы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысты. Жалпы, Түлкібас бау – бақшаның отаны. Оған бір ғана «Көктал»  шаруашылығына қарасты 150 гектар баудың өзі дәлел болып тұрғандай.     Мұнда Италия, Польша, Түркия мемлекеттерінен  әкелінген таңдаулы көшеттер егілген.     Алдағы уақытта осы   бұл өнімдерді елімізден тыс, алыс-жақын шетелдерге де экспорттау мақсаты тұр дейді мамандар. Бақыт Құрманбеков – «Көктал» ЖШС директоры: «Интенсивты алма бауымен айналысады. Қазіргі таңда 150 гектар жерге алма көшеттері егілді. Италия, Польша, Туркиядан келген көшеттер өсірілуде, 2 жылдай өнімін алудамыз. 11 техника бар, негізгі штатта 17 адам, маусымында 60-70 адамдай жұмыспен қамтылады». Халық қалаулысы сондай-ақ, Азаттық ауылындағы Түркібасы әулие аумағының абаттандыру жұмыстарымен танысты. Онан соң Түлкібас поселкесіндегі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан теміржол вокзалы мен бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.  Дархан Мыңбай — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Руханият саласындағы бір мәселе, көптеген елді мекендерде мәдениет үйлері әлі қараусыз жатыр, ал Түлкібас ауданында міне қолға алынып, жап жақсы жөндеуден өтіп жатыр. Саябақтар, ішкі жолдар, барлығының жұмысы көңілге қонды».Мәжіліс депутаты жалпы ауданда  атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Ал  сапар барысында айтылған ұсыныстар мен, тілектердің барлығы назарға алып, тиісті орындарға жеткізетінін айтты.   

А. Байзахова   

1 158 қаралым