Жарияланды: 30.08.2018

Бюджет қоржыны қомақты

Төле би ауданында контингент жоспары 1 млрд  035,6 млн теңгеге жоспарланған. 2018 жылдың 1 тамызына нақты 1 млрд 063,9 млн теңге, немесе 102,7 пайызға артығымен  орындалды.  Оның ішінде аудан бюджеті 2018 жылдың 7  айында  615,2 млн теңгеге жоспарланса, нақты 641,3 млн теңге, немесе 104,2 пайызға артығымен  орындалды.2018 жылдың 7 айында шығыстардың жоспары  11 млрд 042,4 млн  теңге болса, кассалық игерілуі 10 млрд 570,6 млн теңге, немесе игеру жоспары 95,7 пайызды құрап отыр. Облыстық бюджет есебінен 4 мектептің (Бірінші Мамыр, Әл-Фараби, Жаңаұйым және М.Әуезов) құрылысына 1 млрд 179,9 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1571,4 млн теңге болатын 5 мектептің (№5, Қайнар, №16 Ш.Уалиханов, Қ.Тыныбеков, Көксәйек елді мекеніндегі 100 орындық бастауыш мектебі) жоба –сметалық құжаттамалары дайын. Одан-өзге, 3 мектептің  (№1, №6, Ақбастау елді мекендеріндегі орта мектептердің оқу блогы, акт зал, асхана, шеберхана, кітапхана құрылыстары) жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде, ағымдағы  жылдың қыркүйек  айында  дайын болуы  жоспарлануда. Аудан бюджеті есебінен 8 мектепті (№2, Диханкөл, Қ.Мамытов, Майбұлақ, №8, Т.Тоғысбаев, Б.Биболатұлы, Ынтымақ) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық құжаттамалары әзірленіп сараптамадан өткізу үшін тиісті  қаржылар  қаралды. Сондай-ақ, Әл-фараби орта мектебінің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде  2019 жылға өтпелі.

 

1 458 қаралым