Жарияланды: 02.09.2018

Ұлттық нақышта безендiрiлген аллеялар көбеюде

Елiмiздiң өркендеуiне киелi түркiстандықтардың да қосқан үлестерi қомақты. Ел экономикасы дамып, кәсiпкерлiк саласы күн санап өсе түссе, құрылыс, тұрғын үй бағдарламасына сәйкес жұмыстар қарқынды атқарылуда. Түркістан қаласын шырайландырып абаттандыру iсi бiр сәт те дамылдаған жоқ. Қала көшелерiн реттеп, оны талапқа сай жөндеу жұмыстары жалғасып, қаламыз көркейiп келедi, деп хабарлайды «Түркістан» қалалық газеті. Киелi шаһарда ұлттық нақышта безендiрiлген аллеялар, демалыс орындары көбейдi. Көше бойлары түгел жарықтандырылып, қала заманауи үлгiде дамуда. Бұрынғыдай емес, соңғы жылдары қаламызда көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерiп, халық игiлiгiне берiлуде. Осының бәрi Елбасының тәуелсiздiгiнен бастау алып, қажырлы еңбек пен тиiмдi саясаттың арқасында қол жеткен дүние. Бүгiнде қаламыз қанатын кеңге жайып, әлеуметтiк-экономикалық құрылыс нысандары бой көтеруде. Атап айтқанда, қала әкiмдiгiнiң құрылыс бөлiмi мемлекеттiк мекемесiнiң тапсырыс беруiмен бiршама құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2018 жылы бекiтiлген жоспарға сай жұмыстар жүргiзiлiп келедi. Атап айтсақ, Оранғай ауылдық округi Қосқорған елдi мекенiнде 200 орындық мектеп құрылысы пайдалануға берiлгелi отыр. Қаламыздағы С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебiнiң мәжiлiс залы мен асханасы толық аяқталды. Шаға ауылдық округiнде 300 орындық мектептің құрылысы жүргiзiлуде.

А.ИСРАЙЛОВ,

 қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы.

1 139 қаралым