Жарияланды: 07.09.2018

Жер асты жолының құрылысы қарқынды

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында салынып жатқан жерасты жолының бір бағыты бұйыртса биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистральінің Шақпақ елді мекеніндегі тұсында қазір жұмыс қарқыны жоғары. Қазақстандағы ұзындығы жағынан ең ірі тоннель саналып отырған күре жол құрылысымен азербайжандық компания айналысып жатыр. Қазір онда 150-ге жуық адам жұмыс істеуде. Оның 50 әзірбайжандық, қалғаны жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, 20 арнайы техника жұмылдырылған. Қадыр Қадыров — инженер-жобалаушы «Жоба бойынша тоннельдің ұзындығы — 840 метр. Әзірге қазақстанда бұндай ұзын жерастыжолы жоқ. Басшылық құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылап отыр. Бізбұнда жарықтандыру жұмыстарын, өрт қауіпсіздігі мен бейнебақылау құрылығысынорнатамыз. Жерасты жолы — Шақпақ асуындағы екі жолақты автомобиль жолыныңқауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұйырса келер жылы толық аяқталады». Қазір жерасты жолының оң жақ бөлігінің құрылысы толық аяқталған. Енді шам орнату және шудан оқшаулау жұмыстары қалған. Ал сол жақ бөлігінің қабырғалары бетондалып жатыр. Жоба құны 8,5 млрд теңге. Халықаралық талаптарға сай, сапалы материалдар пайдаланылғандықтан,  тоннельдің қауіпсіздігі бір ғасырға дейін жетеді,- дейді мамандар.  

М. Жарылқасын         

1 076 қаралым