Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласында өнім алу көрсеткіші еселеніп, 8 айда 8 147,9 млн теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндіріліп, жоспар толығымен орындалып отыр. Аудандағы индустралды аймақта іске қосылған 2 жүгері дақылын сақтау және кептіру кешендері 40,0 тонна шаруалардың өнімін қабылдауға дайын отыр.
Аудандағы туристік тартымдылықты арттыру мақсатында Арыстанбаб кесенесінің алдын және Отырар төбе қалашығының айналасын абаттандыру жұмыстарының басталып кетті. Сонымен қатар, Мыңшұқыр елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатса, Аққұм ауылынан 100 орындық Мәдениет үйін салу жоспарланып отыр. Шәуілдір ауылындағы сыйымдылығы 100 мың кітап сиятын кітапхана, Балтакөл ауылындағы 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Аудандағы газдандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқандығын сөз еткен аудан әкімі жұмыспен қамту, ауыз су, жол және абаттандыру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асатын шаруалар жөнінде жан-жақты баян етті. Өз кезегінде аудан әкімінің атқарған жұмыстарына халық қалаулылары оң бағаларын беріп, шешім қабылдады.
Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі