Жарияланды: 30.09.2018

Жаңа техника алу жеңілдеді

Түркістан облысындағы шаруаларға жаңа техника алу жеңілдеді.  «Ырыс» қаржы ұйымы жаңа жобаны қолға алды. Тың бастама тозған техниканы жаңалауға жәрдемдесіп, қажетті құрылғыларын сатып алуға септеседі, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Биыл ғана қолға алынған жаңа жоба «Ырыс Өркендеу» деп аталады. Бағдарлама игілігін кез-келген шаруа қожалық иесінің көруіне мүмкіндік бар. Ол үшін бас ауыртудың қажеті жоқ. Тек қана қожалықтың жұмыс істейтінін айғақтайтын құжаттар мен қажетті құрал-жабдықтың құнын анықтасаңыз, жеткілікті. Сонымен қатар, мүмкіндігі болса, құрал-жабдық құнының 20 пайызын төлеу тиіс. Егер оған жағдай жетпесе, қаржы ұйымы тарапынан көмек көрсетіледі.

Данияр Арынғазин – облыстық «Ырыс» МҚҰ-ның директоры

Егер жарна болмаған жағдайда, біз шаруа қожалыққа қолдау көрсетіп, бүкіл құжаттарын жинастырып, ауылшаруашылық бөліміне жіберіп сол шаруа төлейтін жарнаның орнына инвест субсидия төлейтін мүмкіндік бар.

Қысқасы, жаңа техника алуға жан-жақты жағдай жасалған. Алынған заттың бағасын да бірден емес, ұзақ мерзім ішінде бөліп төлеу жағы қарастырылыпты.   

Данияр Омаров – облыстық «Ырыс» МҚҰ-ның маманы

Мысалыға 2 миллиондық затты алса, оны 5 жылға дейін бөліп төлейді. Бөліп төлегенде де 1 жыл каникулы бар.. \

Еске салып өтейік, өңірдегі кәсіпкерліктің желкеніне жел үретін «Ырыс» шағын қаржы ұйымы бүгінде сұранысты қанағаттандыру үшін өзге қорлардан да қаржылар тартып отыр. Соның нәтижесінде соңғы уақытта қаржы ұйымы тарапынан несие алғандардың саны артыпты. Тағы бір тың дүние биылдан бастап қаржы орталығы егін егу үшін шаруаларға қысқа уақытқа төмен пайызбен несие бере бастапты.  

Мақсұт Жарылқасын

1 092 қаралым