Жарияланды: 30.09.2018

Ілкімді істер атқарылып жатыр

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы. Мемлекеттік құжат аясында Созақ ауданында ілкімді істер атқарылып жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Әсіресе, бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмысқа орналасқан жастардың қарасы қалың. Екі қолға бір күрек тапқандар қазір сан-саланы түлетуге күш салып жүр.

Оқу ордасын аяқтаған соң жас мамандардың басым бөлігі бірден жұмысқа орналаса алмайтыны белгілі. Осыған байланысты, Созақ ауданында түрлі мекемелер арнайы бағыттар бойынша жастарды жұмыспен қамтуда. Бағдарлама шарапатын сезінгендердің бірі  – Шахида Төлбасиева. Оқу орыны 2016 жылы тәмамдаған бұрымды тұрымысқа шыққан соң, жұмысқа орналаса алмаған.

Шахида Төлбасиева – жас маман

Жастар практикасымен Созақ аудандық мәслихат аппаратына жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша жолдандым. Қазіргі таңда сол салады жұмыс атқарып және тәжірбие алмасып жатырмын. Елбасының жастарға осындай мүмкіндік бергеніне алғыс айтамыз. Ары қарай осы сала бойынша қызмет атқарғым келеді.

Жас маман алғашқы күннен-ақ өзіне жүктелген міндеттерді тиянақты орындауға кірісіп кетті. Құжаттарды реттеп, бас маманның кеңесіне сүйеніп, жұмыстар атқаруда. «Тірлігіне тиянақты маман өзіне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарады,» —  дейді.

Зәуре Шәмкиева – Созақ аудандық мәслихатының бас маманы

Бұл маман жайлы жалпы айтатыным болса жауапкершілігі жоғары деңгейде, білімі жоғары және де өз ісіне тиянақты.  Біз өз тарапымыздан жас мамандарға білгенімізбен бөлісіп, тәжірбиеден өтуге көмектесеміз.

Айта кетейік, ауданда жастар практикасына 48 жұмыс берушілермен келісім шарт түзіліп, нақты 127 адам жіберілген. Жылдық жоспар 105 адам. Бұл көрсеткіш — былтырғы жылмен салыстырғанда, 13 адамға  артық.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

1 447 қаралым