Жарияланды: 03.10.2018

Индустриалдық аймақтың үлесі мол

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы бүгінде өндірісі өрлеген өңір. Өңір кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2018 жылы «Асыл бастау.КZ» ЖШС-ның құны 602,7 млн. теңгелік, 20 жұмыс орнын құрайтын «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару» жобасын іске қосу жоспарлануда. 2018 жылы облыспен түзілген үш жақты келісімге сәйкес 2 жобаны өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу қарастырылуда. Олар: «Қазығұрт» инудстриялдық аймағында орналасқан «Көрік ШҚ» ЖШС-ның құны 285,0 млн.теңгелік «Алкогольсіз сусындар шығару» жобасы және «Ақ-ниет 5» ӨК-нің құны 125,0 млн.теңгелік «Темір бетон өнімдері» жобасы. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс жалпы құны 135,0 млн.теңгелік 2 жоба іске қосылды. («Қазығұрт айна» ЖШС-ның сұйық шыны өндірісі, «UNIFRUTTI GOLD» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді өңдеу арқылы диеталық пюрелер шығару өндірісі). Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 өнеркәсіп кәсіпорындары бар. 2017 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 7323,7млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады, 2018 жылдың 8 айында 4034,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына Елбасымыздың «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, ауданымызда ашылған индустриалдық аймақтың үлесі мол.

 

 

1 219 қаралым