Жарияланды: 03.10.2018

«Адалдың» өнімі адал

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында «Түркібас-ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі аудан тұрғындарына бордақылап өсірген ірі қара, жылқы, қойларды санитарлық-гигиеналық талаптарға сай сатып, оны сақтап өткізу жұмыстарымен айналысады. Қазір Рысқұлов ауыл округінен «Адал» шаруа қожалығының  басшысы Асқар Сакиев 3000 бас мал бордақылау және ет өңдеу кешенін салуда. Биылғы жылғы үш жақты келісімшарт бойынша берілген ет өңдеу кәсіпорнын салу жоспары мен 16,9 мың тонна ет өнімін өндіру жоспары осы салынған кешеннің есебінен толық орындалады деп күтілуде. Үстіміздегі жылғы жарты жылдықта өндірілген еттің көлемі 8990,1 тонна болды, яғни өткен жылға тиісті кезеңмен салыстырғанда 100 пайызға орындалды. Айта кетер болсақ,  ағымдағы жылдың жоспарында 264 бірлік бордақылау алаңын салу болса, 269 бірлік салынып, жоспар 101,9 пайызға орындалды. Өткен жылдары ауданымызда 34 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, оның ішінде 18 АӨК мал шаруашылығы бойынша ашылып, жұмыс жасап отыр. Өткен жылы 3 модульді сүт қабылдау бекеті ашылды. Қазір тұрғындардан сүт қабылдап, келісім-шартпен сүтті қайта өңдеу кәсіпорындармен жұмыс атқаруда. Сүт қабылдау бекеттері Арыс а/о — «Нар сүт» АОК, Тастұмсық а/о – «Нұрек – Ата» АӨК және Жаскешу а/о – «Қызыл –Жұлдыз» АОК ашылған.

Ж.Жанұзақов

1 113 қаралым