Жарияланды: 04.10.2018

Өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында бүгінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазығұрт елді мекеніне қарасты «Болашақ» мөлтек ауданынан 2 қабатты 16 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 460,4  млн. теңге қаралып, 2017 жылға  179,0 млн. теңге бөлінсе, өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде.  2018 жылы 84,9 млн. теңге бөлініп, Қ.Әбдалиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінен мұғалімдерге 17 пәтерлі, 1 қабатты қызметтік тұрғын үй құрылысы басталды 2019 жылға өтпелі. 2018 жылы Қақпақ а.о. аумағынан «Ынтымақ» СПК (төрағасы Б. Қалибеков) қуаты 1,2 мВт/сағат элек. энергиясын өндіретін кіші ГЭС салынуы жоспарлануда. ЖСҚ аяқталуы – 2018 ж. 4-тоқсан, ҚМЖ-ның аяқталуы – 2019 ж. 4 тоқсан. Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,0 гектар жер телімінің мақсаты кіші ГЭС салу үшін деп өзгертіліп, техникалық шарт алынды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасалынды. Алдағы уақытта Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Қазығұрт ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын болады.

1 035 қаралым