Жарияланды: 06.10.2018

Құрылыс алаңында қызу еңбек

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы бойынша модулдық медициналық тректер салу үшін 5 елді мекеннен жер телімдері анықталып, ауылдық округ әкімдерімен талқыланып, тиісті құжаттары дайындалуда. Атап айтқанда, Ділдәбеков ауылдық округі, Күрішті елді мекені, Нұрлыбаев ауылдық округі, Өркен елді мекені, Еңбекші ауылдық округі, Жантақсай елді мекені, Мақталы ауылдық округі, Жайлаукөл және Шолпанқұдық елді мекендерінен модулдық медициналық тректерін салу үшін жер телімінің тиісті құжаттары әзірленуде. 
Биыл Мақтаарал ауданында Түркістан облысы құрылыс басқармасы тапсырысымен 3 емхана салынуда. Атап айтсақ, Жетісай қаласы, Байботаев көшесі бойынан 500 адам қабылдайтын емхана, Мырзакент кентінен 250 адам қабылдайтын емхана, Атакент кентінен 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүргізілуде. Осы үш емхананың жалпы сметалық құны 4 млрд 700 млн теңгені құрайды. Жалпы Мақтаарал ауданында 123 медицина нысаны бар. Атап айтсақ, 1 қалалық емхана, 2 ауылдық емхана, 33 дәрігерлік амбулатория, 67 ФАП, 16 медициналық пункт жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауданда 4 ауруханалық ұйым бар. 1 аудандық орталық аурухана, 3 аудандық аурухана, 1 мед колледж, 1 тері-мерезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Мұның барлығы да халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында қолға алынған жұмыстар.

994 қаралым