Жарияланды: 06.10.2018

Ірімшік өндіруші компанияның келешегі кемел

Түркістан облысындағы  ірімшік өндіруші компания  жылына 14,0%-бен АҚ «Қазақстан Халық Банкінен» «Даму» Қорының кепілдігімен 116,0 млн теңге көлемінде несие алды. Қаражат сүтті өңдеу үшін жабдық сатып алуға бағытталды. 

Түркістан облысының Сайрам ауданы адамдарының мал шаруашылығымен айналысатындығымен әрқашан танымал болған. Дегенмен, олардың алдында, сүтті жеткізушілердің барлығы кез болатын, сүтті өткізумен байланысты сұрақтар туындайды. Сол кезде кәсіпкер бауырлар Яркин және Данияр Эргешовтар тұрғылықты халықтан шикі сүтті сатып алумен айналысуды шешті.

Сүт тасымалдайтын көлік сатып алды, сүтті жинады және әрі қарай қалада жүзеге асырды. Бизнес өсе түсті, ағалы-інілі бауырлармен жұмыс жасағысы келетіндер саны көбейді. 1,5 тонналық сүт тасымалдайтын көліктен тағы екеуін сатып алды, сөйтіп жиналған сүтті ЖШС «Фудмастер» сүт өндіруші зауытына жеткізе бастады. Қазір олардың меңшігінде жеке жүргізушісімен және салқындатқыш сыйымдылығымен (-3 градусқа дейін) 5 сүт тасымалдайтын көлік бар.

2001 жылы ағалы-інілі бауырлар «Эм-Нұр» бренді атауымен қаймақ, сүзбе және ірімшік секілді сүт өнімдерін шығаратын жеке өндірісін бастады.

Ал 2018 жылы тек ірімшік өндірумен айналысуды шешті, ол үшін түрік технологиялары бойынша ірімшік қайнатудың қыр-сырын білетін тәжірибелі технологтарды тартты. Несие қаражатының есебінен сыйымдылығы 12 тонна болатын бумен ірімшік қайнататын қазандығы, тоңазытқышты жабдығы және буып-түйілмелі желісі бар зауытты ашты. Барлық жабдықтар түрік елінікі, күніне 30 тонна «ірімшікке жарамды» сүтті өңдейді.

Ірімшікті қайнату үшін шикізат – ірімшік өндірісі үшін сәйкес келетін және сүтінің құрамында майдың пайыздық үлесі жоғары болатын галштино-фризов тұқымды сиырларының сүті сатып алынады. 1 кг ірімшік алу үшін 10-12 кг сүтті өңдеу керек, қалғаны өндірістік қалдық болып табылады. Зауыттың күші айына 206 тоннаға дейін ірімшік шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда 160гр, 400 гр, 800 гр, және 2 кг-дық қаптамадағы «Голландық» ірімшігі, «Брынза» ірімшігі, «КашарПейнир» ірімшігі, «Моцарелла» ірімшігі шығарылады. Дайын тауар оңтүстік аудандарында, Астана және Алматы қаласында сатылымға шығады.

Қазір зауытта 38 адам жұмыс жасайды.

Damu.kz

1 098 қаралым