Жарияланды: 07.10.2018

Теріскейлік шаруалардың еңбегі тындырымды

Түркістан облысына қатысты Созақ
ауданында дамыған негізгі бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы. Мемлекеттік «Алтын асық» бағдарламасы бойынша, 4170 тұсақ алынып, меже 185 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша, 630 бие алынып, меже 100 пайызға, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, ауданға 1608 мүйізді ірі қара малын асылдандыру белгіленсе, есепті мерзімде бұған 1608 мүйізді ірі қара ана­лығы тартылған. Биылғы тапсырманы орындауға толықтай мүмкіндік бар.
Өткен жылы аудан бойынша 12 мың 957 га егістік жер игеру межесі белгіленген, теріскейлік шаруалардың тынымсыз еңбе­гінің нәтижесінде 13 мың 5 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде 5 мың 156 га суармалы жер игерілген. Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша, 300 гектар алқапты айналымға қосу тапсырмасының 355 гектар алқабы жайы­лымдық жерден суармалы егістік түріне ауыстырылған. 2017 жылы «Ақсүмбе» су тоғанына 122,5 млн. теңге және «Бақырлы» су тоғанына 119,5 млн. теңге, барлығы 232,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауданда жалпы 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды. Мұның барлығы да ауданның ауыл шаруашылығын ілгерілетуге арналған басты шаруалардың бірі. Алдағы уақытта ауданда ауыл және мал шаруашылығын дамыту үшін бірнеше жобалар қолға алынбақ.

984 қаралым