Жарияланды: 07.10.2018

«ДЕМЕУ» ҚОРЫ БАЛАЛАРДЫ ДЕМЕДІ

«Демеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан облысының көптеген аудандарында мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шаралары өткізіліп келеді. Олардың мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшыныстары орасан, мәпелеп бағып-қаққан ата-анасына ұстазға білдіріп отырады. «Демеу» қорының Түлкібас аудандық филиалының меңгерушісі Аяна Орынбаева: — Жылда «Демеу» қоры балаларға қолдан келгенше қайырымдылықтары мене қолдауларын аяған емес. Әсіресе, қор президенті Аманкүл Мейірханқызы Жаңқал ханымға, кәсіпкер азаматтарға, барлық жанашыр жандарға үлкен рахметімізді айтамыз, — дейді.   

«Демеу» қоғамдық қоры тоғыз жылдан бері облыс деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созып, әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Қордың Түлкібас ауданындағы филиалы 2010 жылы ашылып, белсенді жұмыс істеп келеді. Мұндай қайырымдылық әлеуметтік шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады, сонымен қатар қор аудандағы 35 мүмкіндігі шектеулі балаға жыл бойы 8 әлеуметтік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, мәдени, тұрмыстық, медициналық, құқықтық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық және еңбек. Демек, балаларды тазалыққа үйретеді, өз бетінше киім үтіктеуден бастап, қалай жүріп-тұру, сөйлеуді, жалпы тұрмысқа, күнделікті тіршілікке бейім болуға дағдыландырады. Баланың сауатты, білімді, ой-санасының ашық, пікірі мен көзқарасын жеткізе алатындай жарқын болуына септігін тигізеді. «Демеу» қоры әрдайым аудандық үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесімен тығыз байланыста.

1 274 қаралым