Жарияланды: 07.10.2018

Жастарға психологиялық қолдау қажет

Бұралаңы мен соқпағы көп мына өмірдің толқынды ағысына қарсы жүзіп, кездескен қиындық пен сәтсіздіктерді жеңіп шығу үшін, әрине, мол қажыр мен қайрат керек. Дегенмен кейде адамдар басқа түскен қиындықтардан шыға алмай, келеңсіздіктерге тап болып жататын жайлар мен қалың қайғының тұманында өзінөзі жоғалтып жатады. Ал кейбір тумысынан бойына дарыған өрлігінің, қажырлығының арқасында мұң мен қайғыны өңгеріп алып кететіндер де бар. Алайда, өкініштісі сол, жыл өткен сайын осы жалындылық азайып бара жатқан секілді. Әсіресе жастар үшін психологиялық демеу бүгінгі таңда қажеттілігі зор.

Жалпы мектепке алғаш бару — бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.
«Баланы жан-жақты білу керек» деген белгілі педогог К.Д. Ушинскидің өзі. «Әр маманның қоғамға пайдасы болу керек» деген ұстанымға жүгінсек психологтың балаға бөлген әрбір уақыты құнды болуға міндетті. Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы — ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды.Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.

Мектеп-интернаттың психологы жаңадан келген оқушыны әуелі өзі жылы қабылдап, оны мектеп жаймен таныстырып, оқушылармен жұғысып кетуіне назар салғаны жөн. Түзету, диогнастикалау, әңгімелесу, психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізуі тиіс. 
М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді, біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.

1 269 қаралым