Жарияланды: 07.10.2018

Кәсіпкерлер демеушілігімен 61 жоба қолға алынды

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың қызметі белсенді түрде жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясы мен аудандық ардагерлер ұйымы, билер алқасы, әйелдер және жастар ұйымдары түрлі мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру мен ел бірлігі мен жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосуда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел ішінде ерекше ықыласпен қабылданды. Осы бағдарламаны іске асырудың бір тармағы «Туған жер» деп аталады.

Ауданымыздан шыққан кәсіпкерлер мен белгілі азаматтардың демеушілігімен өткен жылы 2,027 млрд теңге тұратын 61 жоба қолға алынды.

Ауданда 14-29 жас аралығындағы14 350 жас бар.

2018 жылы жастар саясатын жүзеге асыруда аудан бойынша жастар арасында 80 түрлі іс — шаралар ұйымдастырылды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2017 жылы «Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша 19 жас көтерме жәрдемақы алса, 43 жас тұрғын үй алуға несие алған.

 

1 055 қаралым