Жарияланды: 07.10.2018

Еліміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі

Түркістан облыстық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының аясында 14 аудан, қалаларда ашылған «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторлары меңгерушілерінің 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кең көлемде есептерін қабылдады. Мәжіліске Түркістан қалалық әжелер алқасының төрайымы Ұ.Мұстафаева мен «Қазақстан іскер әйелдер ассоцияциясы» Түркістан облыстық филиалының төрайымы И.Намазбаева қатысты. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарына талдау жасалынды. Өкінішке орай, зорлықтың түрлері көп, эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық; қауіп-қатер арқылы, яғни отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу; балаларды анасына қарсы қолдану — әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Мәжіліс соңында басқарма басшысының орынбасары М.Сәдібек еліміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін, отанға сүйіспеншілік отбасынан басталатынын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық және қоғамдағы келеңсіз жағдаяттардың алдын алу мақсатында алдағы атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беріліп, ұсыныстар қабылданды.

1 427 қаралым