Жарияланды: 08.10.2018

Ата-аналар конференциясы өтті

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тату отбасы-бақытты бала — гүлденген ел» атты аудандық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға басқарма басшысының орынбасары М.Сәдібек, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие саласына жауапты мамандары және құқық қорғау органдары қатысты. Жиында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, белсенді ата-аналар марапатталды және әлеуметтік институт отбасының тәрбиелік рөлін арттыру, өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың рөлін арттыру мақсатында үндеу жарияланды. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты — болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. 

1 096 қаралым