Жарияланды: 08.10.2018

Жастарға психологиялық кеңестер айтылды

Жасөспірімдер 11 – 16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады. Жасөспірім шақтағы аумалы-төкпелі мінез-құлық салдарынан келеңсіз жайттар орын алмас үшін және алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 2 қазан күні ,Түлкібас ауданы Келтемашат а/о қарасты Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ 7-10 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықпен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау барысында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағытта «Құқық бұзушылықтың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламасын насихаттау. Екінші бағыт «Келеңсіз оқиғалар мен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг жүргізілді. Жалпы жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш болады, егер де олардың еліктеуі орынсыз болса, баланың тәрбиесі қиындайды, еңбек, күш қабілеті төмендейді. Жасөспірім өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеду. Олар өте қызыққыш болады, мысалы, қызық кітап, фантастика, марка, значок, кассета, фото, кино, әнге құмарлық, құмарлық т.б. кейбіреулері жағымсыз қылықты құмарлатады, мысалы, саудагерлікке, шылым шегу, ақшақұмарлыққа т.б. Сондықтан ата-ана мұғалім бір-бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі мінез-құлқы мен мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру керек.

1 195 қаралым