Жарияланды: 09.10.2018

Елбасы жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын Түркістан облысының жастары ыстық ықыласпен, асқан қуанышпен қарсы алды. Мұның бір дәлелі – Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайына жиналған 600-ден астам қазан Жолдауын үлкен экраннан тыңдады. Мемлекет басшысының: «Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деген сөзін естігенде, орындарынан тұрып, ду қол шапалақтады. Бұл туралы Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның директоры Береке Дүйсебеков хабарлап, қазан Жолдауына қатысты қолдау пікірін айтып берді.

«Жұма күннің жақсы бір жаңалығы – Елбасының Қазақстан халқына кезекті жолдауын біз үлкен ықыласпен қабылдағанымызды жеткізгіміз келеді. Жолдауды тікелей эфирде көруге үлкен залда жастардың көшбасшылары жиналып, үлкен мұқиятпен тыңдадық. Көптеген өзекті мәселелерді түртіп алдық. Ең бастысы – қазан жолдауында Елбасының «2019 жыл – Жастары жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлағанымен ерекше әсермен жеткізгім келеді. Онлайн көріп отырған жастардың орнынан тұрып, шапалақ ұруының өзі өте әсерлі сәттің бірі деп айтуға болады» — деген Береке Дүйсебеков Елбасының әрбір жолдауында жастарды ерекше назарда ұстайтынын мақтанышпен айтты.

Облыс жастарының көшбасшысы Береке Дүйсебековті қазан жолдауынан ерекше қуантқаны – мұғалімдер мәртебесі туралы заң қабылданатыны болыпты.

«Елбасы жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес. Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы – өңіріміздегі жастар саясатын тағы да бір үлкен серпін беретініне сеніп отырмыз. Біздің облыс жастарының потенциалы өте жоғары. Біз қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асыруды алдын бастап кеткенімізді айтқым келеді. Бүгінгі жолдау жасап жатқан жұмысымызға, қазіргі іске асырып жатқан жобаларымызға жаңа тағы да бір серпін беретініне көзіміз жетіп отыр»

Айта кетсек, бүгінде Түркістан облысында 523 402 жас бар. Яғни, Түркістан облысының халық саны 1 991 351 адам болса, соның 26 пайызын жастар құрайды.

«Педагогтың баласы ретінде, осы ұстаздар күні мерекесі қарсаңында педагогтардың еңбекақысы өсетіні де ерекше қуантқан жаңалық болды. Бәріміз осы ұстаздардан тәлім-тәрбие алып өстік. Мұғалім мәртебесінің қабылдануы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетіні — еқазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, оның үлкен табысты болуына тағы да бір серпін берді» — деді Береке Дүйсебеков.

«Елбасының жолдауы – жастар үшін қашан да бір жолсерік іспеттес» деп айтуға болады. Себебі Елбасы әрбір жолдауында нақты бағыт-бағдарларды бекітіп, нақты межелерді бекітіп береді. Біз жастар – Елбасының командасы ретінде әрбір айтқан тапсырмасын толықтай жүзеге асыруға өзіміздің бар күш-жігерімізді, білімімізді, біліктілігімізді сала отырып, Елбасының көздеген мақсаттарына жетуге өз үлесімізді қосамыз» — деген Береке Дүйсебековтың айтуынша, Түркістан облысының жастары Елбасының жолдауын әрдайым қолдайды, қуаттайды.

 

1 298 қаралым