Жарияланды: 11.10.2018

Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округі мәдениет үйінде «Қызды қырық үйден тию» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шаранның басты максаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Іс шараға аналар кеңесінің төрайымы Г.Жуманова және Қызылжар ауылдық емхана дәрігері Ү.Баядилова қатысып ақыл-кеңестерін айтты. Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым — қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі — жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері — ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас, енді бірі өткір де өжет. Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.
Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін — өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5 — 7 сыныптар аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда.
8 — 11 сыныптар арасындағы қыз баланының қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу қажет. Өнерге, мәдениеттке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы — негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Өйткені қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс — тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан — жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

1 306 қаралым