Жарияланды: 11.10.2018

Мейірімділік асыл қасиет

Түркістан облысына қарасты  Арыс ауданы Монтайтас ауылдық округінде «Қариясы бардың қазынасы бар» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Халқымыз көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, қарттарды аялап, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Осы орайда, ауыл жастарының ұйымдастыруымен аз қамтамасыз етілген, мүгедек жандар мен жағдайы төмен отбасыларына, қайырымдылық шарасын өткізіп, ауыл жастардың қолдауымен дайындалған азық-түліктер тапсырылды. Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір — бірімізді қадірлей білуіміз керек. Осы шара арқылы жастардың жан-дүниесі ізгілікке үйренеді. Олар үлкенге құрмет көрсете отырып, аға буынның қадірін түсінеді, өздері кішіпейілділік танытады. Осының өзі жастардың жақсы жаққа қарай бағытталуына септігін тигізері сөзсіз.  

1 375 қаралым