Жарияланды: 11.10.2018

Бюджеттен 78 млн. теңге қаржы қаралған

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылынан «Ишан бұлақ», «Ақшам» мөлтек ауданындағы демалыс саябақтарының құрылыстары аяқталады. Астананың 20, ауданның 90 жылдығына орай, Қарағұр, Жартытөбе ауылында саябақ салынады.
Аудан елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша, ЖСҚ әзірлеуге, жергілікті бюджеттен 78 млн қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама алуға ұсынылды.
Созақ ауданы бойынша, 35 елді мекен­нің 23-не ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде, 16-на ауыз су тәулігіне 24 сағат беріледі. Қалған 7 елді мекенде су уа­қытпен берілуде. Биылғы жылы Шаға, Қайнар, Абай, Ақсүмбе, Көктөбе, Раң елді мекендеріне ауыз су құбыры құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 399 млн. теңге қаржы бөлінді.
Ауданда маусым айында шертпе күйдің шебері, дәулескер күйші Сүгір Әліұлының 135 жылдығына орай, облыстық «Күй құдіреті» байқауы ұйымдастырылса, 15 қыркүйекте Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы өткізілді.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Шымкент қаласында өткен облыстық «Туған жер-алтын бесі­гім» атты облыс бойынша ауданаралық мәдениет күндерінде Созақ ауданы 1-орынды иеленіп, жеңіл автокөлікпен марапатталғанын атап айта кетуіміз керек.
 

1 139 қаралым