Жарияланды: 11.10.2018

Жастардың ізгі ниеті — үлкенге құрмет

Қарттар күніне орай Түркістан облысы, Арыс қаласы «Арыс гуманитарлы-техникалық» колледж мекемесінде студенттер арасында «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: жастарды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу. Жанарында оты, жүрегінде шуағы бар қыз бен жігіттер бірігіп, аудандағы түрлі шараларға белсене араласып келеді. Қыз мезгілінде, күзде — қарттар күні қарсаңында жастар жиналып,  жалғызбасты ардагерлердің, көпбалалы аналардың үйіне барып, өз еркімізбен қолғабыс көрсетіп келеді. Қыздар жағы әктеп-сырласа, ұлдар қоқыстарды сыртқа шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізуде.  Алда талай қайырымдылық шараларын өткізілетіні анық. Жігірлі, қайырымды жастар қолдан келгенше көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әзір. Қайырымды ұландардың осынау ісі кім-кімге болмасын үлгі өнеге екендігі айқын. Әлемде зұлымдық пен қатыгездікке қарсы тұратын мейірімділік пен қамқорлық көп болған жағдайда адамзат баласының көңілі тоқ болатындығы сөзсіз.

1 197 қаралым