Жарияланды: 12.10.2018

Отбасы құндылығы жайлы қоғам пікірі

Отбасы – мемлекеттің негізгі тірегі. Отбасының татулығы- ел тұтастығының кепілі. Әке, ана, баладан құралатын шағын мемлекеттің өз заңдылықтары мен құндылықтары бар. Қазіргі таңдағы отбасы интитутының рөлі қанша? Жанұя жылуы мен құндылығы жайлы қоғамның пікірі қандай? Назар аударайық.

Рая Құттыбаева, зейнеткер:

  • Отбасы қоғамның ажырасамас бөлшегі. Менің түсінігімде отбасының құндылығы бірлікте, ауызбіршілікте. Ер мен әйелдің өзара келісімінің негізінде дені сау, көзі ашық, ел үшін еңбек ететін ұрпақ дүниеге келеді.

Болат Өмірзақұлы, жеке кәсіпкер:

  • Отбасындағы тәрбиенің негізі берік болса ғана, қоғамға пайдалы адам қалыптасады. Отан — отбасынан басталады демекші, біз дастархан басында баланың бойына ұлттық рухты қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін біз өзіміз елдің нағыз жанашыры ретінде ұрпаққа үлгі бере алғанымыз жөн.

Жанар Өмірзақова, студент:

  • Менің көңіліме қуаныш ұялатар бір жайт бар. Ол — бұрынғы салт-дәстүріміздің қайта жаңғыруы. Кеңес үкімет жылдары біздің көп салтымыз ұмыт бола бастаған еді. Қазір, сырға салу, ұзату, құрсақ шашу сынды дәстүрді мен білетін отбасылардың басым бөлігі ұстанады. Бұл бастама бұдан әрі одан әрі жалғасын тапқанын қалаймын.
1 099 қаралым