Жарияланды: 12.10.2018

Отбасы бірлігі — Отан бірлігі

«Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасы бірлігі – Отан бірлігі. Ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы. Бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық —  әрбір отбасының шаттығы». Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың осы сөзі Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрметінің айғағы. Себебі, мемлекеттің негізі- отбасы.

Халқымыз ежелден елдің тыныштығы мен отбасының құндылығын басты назарға алған. Қазіргідей алмағайып заманда мұның маңызы зор. Сол себептен атадан қалған дағды әліге дейін жалғасын тапқан. Қазіргі таңда, республика аумағында жыл сайын дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылады. Осыдан бес жыл бұрын бастау алған шараға мұрындық болған Елбасының өзі. Бейресми  деректерге сүйенсек, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын додаға жыл сайын он екі мыңға жуық отбасы қатысқан. Мақсат – елдің тұтастығын сақтап, өнегелі отбасыларды өзгелерге үлгі ету. Сондай-ақ, қоғамдағы отбасы институтының рөлін арттыру. Отбасында кездесетін келесіздіктер мен жанжалдардың, жастардың ажырасуының алдын алу. Игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

1 375 қаралым