Жарияланды: 12.10.2018

Әр әйел өз алдына бір әлем

Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер қай салада болсын осал емес. Ерлермен иық тіресе, батыл қадамдар жасайтын нәзік жандылар өз кәсібіне деген ерекше ықыласы, шексіз сүйіспеншілігі мен тиянақтылығы арқылы көзге түседі. Тіпті, ер азаматтар көтере алмайтын жауапкершілік жүгін арқалап, сол істі абыроймен атқарады.Жыл өткен сайын іскер әйелдердің қатары артуда. Бірі жеке кәсібін өрге жүргізсе, енді бірі билік басында ел үшін елеулі оқиғаларға араласып, білек сыбана еңбек етеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы 2005 жылдың 29 қарашада Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын бекітті. Мемлекеттік маңызды құжатта «әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады.Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету ,өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу,білім беру саласында гендерлік білімді енгізу,өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдермен әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсаулығын  нығайтумен сақтау, жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей  отбасындағы міндеттермен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау» қарастырылған.

Елбасы тапсырмасына сәйкес бүгінде бірқатар ілкімді істер атқарылып жатыр. Соның бірі – кәсіпкерлік саласы. Кәсібін бастаймын деген бұрымдыларға республиканың барлық облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары көмек қолын созады. Мемлекеттік бағдарлама негізінде арнайы жәрдем де қарастырылған. Бүгінде еліміз гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат,әйелдердің экономикалық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды.Қазір Қазақстан гендерлік тен құқықтық бойынша жаһандану рейтингінде 135 елдің арасында 31 орында корініп отыр.

Қазіргі таңда,  Гендерлік теңдік стратегиясының елімізде үстемдік алғанына  12 жылдан асты Елбасы бастамасымен 2006 жылы қолға алынған жоба еліміздің экономикалық және саяси дамуына, шағын және орта кәсіпкерліктің алға басуына сеп болды.Елбасының өзі 2013 жылы «Әйелдер – ең үздік саясаткерлер» деп, бұрымдылардың еңбекке қабілеті мен сауаттылығына оң баға берген болатын.

1 637 қаралым