Жарияланды: 12.10.2018

Білімді, тәрбиелі, текті жастар — мемлекет тірегі

Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Білімді, тәрбиелі, текті жастар — мемлекет тірегі» тақырыбында аудан әкімі жанындағы «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумы болып өтті. Форумда Нұр Отан партиясының Сайрам аудандық бөлімшесінің жетекшісі Мария Қалыбаева баяндама жасап, жастарды жалқаулықтан арылып білім іздеуге, еңбек етуге, ізденуге шақырды. Жастарды елінің патриоты болуға насихаттады. Іс-шарада Сайрам ауданы жастарының белсенді өкілдері де сөз алып, құрдастарын жаман әдеттен арылып, елдің дамуына тамшыдай болса үлес қосуға үгіттеді. Жастар арасындағы өзекті мәселелер мен шешімін қажет ететін дүниелер талқыланды. Келелі жиын зиялы қауыл өкілдері мен жас буын бұл жиынға аса белсенділікпен қатысып отырды. Арнайы сөзге шыққан жастар жанашырлары жастар арасындағы кемшіліктер мен артықшылықтарға тоқталды. Кезек күттірмеймін мәселелер ортаға тасталды. Ұсыныстар айтылып, пікірлер білдірілді. Қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастар тәрбиесі де сөз болды. Санаға салып, ойға түйер парасатты пікірлер айтылды. 

1 417 қаралым