Жарияланды: 12.10.2018

Жастар өзін-өзі басқаруды үйренді

«Өзін – өз ібасқару» ұйымы – балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылыққа бағытталған, мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын, өз бетімен ерікті, қоғамдық бірлестік болып табылады. Осы мақсатты негізге ала отырып, оқушылардың ұйымдастыру қабілетін және өзара қарым қатынас пен жауапкершілікті сезінуі, өзіндік пікір қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат – лицейінде «Өзін – өзі басқару» ұйымы қарқынды жұмыс жасап келеді. 2018 – 2019 оқу жылында аталған ұйым мүшелерін таңдау үшін 11 – сынып оқушыларынан сарапшылар құрылып, жабық, жасырын сайлау өткізілді. Сайлау алдында үміткерлер өз өтініштерін беріп, бағдарламаларымен және алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сайлауға 8 – 11 сынып оқушылары түгелдей қатысып дауысберді.Сайлау қорытындысы бойынша басым дауыспен мектеп президенті болып 10 сынып оқушысы Қабыл Бақдаулет, премьер – министрі 9 сынып оқушысы Салман Назерке, мәдениет министрі 8 сынып оқушысы Жақанша Жазира, ақпарат министрі 9 сынып оқушысы Құманғали Гүлназ, білім министрі 9 сынып оқушысы Бақытұлы Наурызбай,тәртіп министрі 9 сынып оқушысы Әліп Әсер, спорт министрі 10 сынып оқушысы Серік Самал, экология министрі 9 сынып оқушысы Садыр Асылзат сайланды. Өзін – өзі басқарудың құндылығы сол осы ұйым арқылы оқушылар мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып, шешім қабылдауға ықпал етеді. Алдағы уақытта жаңадан сайланған ұйым мүшелері Елбасы белгілеген басымдықтардың бірі – жаңа жалпықазақстандық отансүйгіштіктің ірге тасын қалап, Жаһандануға бәсекеге қабілетті өзін қазақ елінің, қазақ жерінің иесімін деп сол ұлы мақсатта аянбай еңбек етіп мектебіміздің мәртебесін көтереді деген сенімдеміз.

Г. Балаубекова,
Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-
лицейінің тәлімгері 

1 661 қаралым