Жарияланды: 11.06.2018

Индустриалды аймақтағы игілікті іс

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың  2015 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2018 жылы 889 жаңа жұмыс орнымен 13 726,0 млн. тенгені құрайтын 6жоба іске асыру жоспарлануда.  Оңтүстік Қазақстан облысы үшін бұл өте үлкен ауқымды жоба. Ең алдымен облыс қоржынын қомақтыландыратынын ескерсек, екіншіден жұмыссыздар қатарын азайтып, өндіріс орындарының санын арттырмақ.  Индустриалдық-инновациялық дамудың даңғыл жолына түскен Оңтүстік Қазақстан облысы үшін бұл үлкен жетістік болары сөзсіз. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыру өз кезегін күтіп тұр. «Оңтүстік» индустриялық аймағында (337 га) жалпы құны  55,8 млрд.  теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, онда 5 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 85 жобаның 46 жобасы іске қосылып, 3 мың жұмыс орындары ашылып, бұл жобаларға 21,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2018 жылы 80 жаңа жұмыс орнымен 5,54 млрд. тенгені құрайтын 1 жоба іске асыру жоспарлануда. Олар: «Hіll Corporation» ЖШС(5541,6 млн.тенге) регенирация пайдаланылған майлар және консистентті материалдар.  «Бумпром» ЖШС (100,0  млн.теңге) қағаз, картон, рубероид, гипсакартон,     түрлі – түсті қағаз өңдеу зауыты. «Дезфумекс» ЖШС (150,0 млн.теңге) асфальтбетон өндіру зауыты.

2 211 қаралым