Жарияланды: 14.10.2018

Өндіріс қуаттылығын арттырмақ

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС-і шұжық өндірумен айналысады. Қақпақ ауылындағы «Қарқын-2030» ЖШС-і  2009 жылы іске қосылған, кәсіпорын шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Зауытта «Нәрлен» сауда белгісімен таңбаланған шұжықтың 60-қа тарта түрі дайындалады. Дәмі тіл үйіретін өнімдеріне сұраныс та мол. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 1,5 тоннаға дейін жетеді. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын көбейтуді көздеп отыр. Оған мал шаруашлығымен айналысатын ауылдағы ағайынның да қосар үлесі қомақты. Ірі қараны жергілікті тұрғындардан сатып алады. Бүгінде кәсіпорынның өнімділігі 5 тоннаға дейін артқан. Нәтижесінде өнім сапасы жоғары, сапалы болғандықтан бүгінде «Нәрлен» сауда белгісі бренд өнімге айналып отыр. Сатып алармандары мол. Әрі тапсырыспен алдыратындар да баршылық.  Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізбек. Ингредиенті жоқ, табиғи  өнімдерден жасалады. Ауылдағы ағайынға да жұмыс тауып беріп отыр. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырмақ ниетте.

 

1 251 қаралым