Өндірісі өркендеген Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде көптеген кәсіпорындар ашылуда. Заман талабына сай салынған өндіріс орындарында сұранысқа ие өнімдер өндірілуде. Қажеттіллікке сай өндірілген тауарлар ішкі нарықты қамтып қана қоймай шетелдерге де экспортталуда. Өнім сапасы жоғары болғандықтан сұраныс та артып отыр. «Оңтүстік» индустриялдық аймағында бой көтерген «Shymkent Temir» жауапкершілігі шктеулі серіктестігі бүгінде іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаса да өзінің өміршеңдігін байқатып отыр. Өйткені зауыт өніміне деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Серіктестіктің бас директоры Б. Әлтеевтің айтуынша, зауытта 40 тонналық индукциялық пештер және үш қырлы үздіксіз құю машиналары қолданылады.Жоба 2015–2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, осы жылдың сәуір айында пайдалануға берілді. Шығарылатын өнімнің 100 пайыз жақын шетелдерге экспортталуда. Әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен сұраныс артып отыр. Серіктестік басшылығы алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Индустрияландыру картасы аясында 20 жобаны іске асыру жоспарлары да бар.
Анықтама: «Shymkent Temir» ЖШС жобасына 4,85 млрд теңге инвестиция тартылды, 150 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Кәсіпорынның жобалық қуаты — жылына 240 мың тонна блюм. Металлургиялық өнімдердің кез-келген түріне одан әрі өңдеуге дайын құймалар түрінде болат блюмдер шығару жоспарланған.