Жарияланды: 17.06.2018

Күн электр стансасын салу жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандарда индустриалды аймақтарды көптеп ашу қарастырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал индустриялдық аймағында жүзеге асып жатқан жобалар көп және жоспарланған жобалар да молынан.  Мәселен, Мақтарал ауданында 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты бүгінгі күні қарқынды жұмысы атқарып келеді. Аудандағы  индустриалды аймақта келер жылы сыртқы инвестицияның есебінен құны 1 миллион АҚШ доллары тұратын «Soldatos» асфальт бетон зауыты іске қосы жоспарлануда. Ал құны 2,5 миллиард теңге болатын «Компания KADI жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күн электр стансасы жобасы да кезегін күтіп тұр. Мұнан өзге, Голландиялық «VTK Investments B.V» компаниясының күн электр стансасы, сондай-ақ ішкі инвестицияның есебінен салы өңдеу зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттары да жүзеге асырылмақ. Облыстан шалғайда жатқан ауданда осындай ілкімді істер атқарылуда. Алдағы уақытта ашылатын өндіріс орындары ауданның экономикасын артттыруа септігін тигізері сөзсіз.

1 175 қаралым