Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев және мәслихат депутаты аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімінің басшылары мен мамандары, Ақсукент, Қарасу, Ақбұлақ, Жібек жолы ауыл округтерінің мектеп директорлары, ауыл ақсақалдарымен кездесу болып өтті. Кездесуде мекеме басшылары «Мектептегі тәрбие және жастардың ғаламторда өзге ағымдардан сақ бол» тақырыптарында баяндама жасап, Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Ж.Битанов жат ағымдарға жетелейтін сайттардан аулақ болуға маман ретінде кеңес берді. Ал, табиғатта бәрі тепе-тең екенін ескерсек, адам да көңіліндегі бос орынды, олқылықты толтыру үшін жұбанышты басқадан іздейді. Бұл – баланың жас күнінде ата-анадан алмаған махаббатын өсе келе басқа дүниемен толтыратыны сияқты дүние. Осындай көңілі жарым жандарға жалған жанашырлық таныту арқылы қатарларын толтыруға тырысып, келе-келе басыбайлы құлына айналдыру – теріс діни ұғым өкілдерінің басты мақсаты. Психологияны қару ретінде қолданып, санасын тұмандап, өмірде орнын таппай сенделгенді өздерінің оңай нысаналарына айналдырады. Сондықтан жастарымызға да, мектеп оқышысы ұл-қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, ата-ана ретінде дұрыс бағытта болуға үндеді.