Нәзік жандылардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, бұрымдылардың билікке баруына жол ашу керек. Ескі наным-сенімнен арылып, жаңаша көзқарас қалыптастыру қажет. Осы ұстанымды алға тартқан «Қорғау-Астана» қоры» арнайы Түркістан облысының психологтарына арнап семинар тренинг ұйымдастырылды. Онда халықтың ұлттық дәстүрлері мен менталитетін ескере отырып, гендерлік саясатты талқыланды.
«Дәстүрлер мен заманауи гендерлік рөлдер. Жанжалдар мен өзара әрекеттер». Семинарда сөз болған тақырыптар осы. Аталған мәселелер бойынша алдымен Халықаралық ұйымның атқарушы директоры арнайы тренинг өткізді. Онда Ләззат Асқарова қазақстандық отбасы үлгісін сақтай отырып, гендерлік саясатты қалай жүзеге асыруға болатынын баяндады.
Жасыратыны жоқ бүгінде гендер тақырыбы — бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстандағы ең маңызды мәселе. Себебі бұл гендерлік саясат қазір елдегі теңдікті паш ететін бірден бір фактор.
Бүгінгі күннің тағы бір өзекті мәселесі — отбасындағы зорлық-зомбылық. Кейде осындай оқиға салдарынан адам өлімі де орын алып жатады. Ал, сондай жағдайларға тап болған жандар психологиялық тұрғыдан қиындық көреді. Сонымен қатар аталған мәселелер көп жағдайда отбасының да бұзылып кетуіне әсер етіп жатады. Осыны ескерген мамандар оқиғаның зардабын жоюмен емес, алдын алумен айналысқанның тиімді екенін алға тартып отыр. Отбасының тұтастығын сақтап қоғамдағы гендерлік теңдікті жоғарылату үшін «Қорғау-Астана» қоры мұндай басқосуларды жалғастыра таба бермек.