Жарияланды: 28.11.2018

Өз балаңа үлгі бол

28 қараша күні Арыстағы С.Қожанов және И.Журба жалпы орта мектебінің ата-аналарына «Өз балаңа үлгі бол» жол картасы жобасы аясында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кездесу өтті. Барлық өнеге отбасынан тарайды.Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Халық арасында  «таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» деген астары терең сөз бар. Ата-аналардың көпшілігі мектепке келген балаға мұғалім мен білім ордасы жауапты деп ұғынады. Қате пікір. Мектеп те, ата-ана да өздерінің  жауапкершілігін бір-біріне артпауы қажет. Бала мектепке келгенде мұғалім қарауында болады, ал, мектептен тыс уақытта — ата-анаға аманат. Дегенмен қазіргі уақытта балалар мектептен тыс уақытын далада өткізіп жатады. Немқұрайлылықтан бала қыдыруға, жағымсыз әдетке бой алдырады. «Сондықтан баланың әр қадамын қарап отырған дұрыс»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

 

1 421 қаралым