Жарияланды: 19.06.2018

Алма баудың көлемін арттырмақ

Бұрынғы колхоз, совхоздардан қалған алма баулары түбірімен оталып кеткені белгілі. Шетелден келген алма, жүзімдер базар сөрелерін жаулап алғаны жасырын емес. Отандық алмаларды қашан жейміз деп жүргенде бұл олқылықтың дат орны толар күн де таяу. Бүгінде алма бау өсіруді қолға алған шаруашылықтар қатары артып келеді. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «DALA-FRUIT.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастапқыда 83 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, компания жұмысын бастаған үш жылда оның саны 277 адамға жеткен. Жалпы көлемі 106,5 гектар болатын серіктестік бауына 215 мың түптен астам жеміс ағаштары егілген. Мұнда алманың «Гренни», «Смит», «Фуджи», «Голден –делишес», «Гала», «Айдеред» алхоры мен шиенің «Стенлей» атты шетелдік сұрыптары өсірілуде. Яғни, мұндағы 1 гектер жерге шамамен 2500 түп ағаш көшеті қондырылған. Заманауи техникамен жабдықталған бау тамшылатып суару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Күзде жиын терім уақытанда баланың жұдырығындай иісі жұпар аңқыған дәмді алмаларды сатып алушылар алқаптың басынан-ақ пышақ үстінен үлестіріп алып кетеді. Бағасы да соншалықты қымбат емес. Есесіне шетелден келетін иісі де дәмі де жоқ алмадан мың есе артық. Оны әрі фирмалалық қағаз қораптарға салып таратады. Өнімге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Алдағы уақытта серіктестік алма бау көлемін арттыруды көздеп отыр.

1 031 қаралым